Аурухана тарихы
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы Облыс Әкiмiнiң 25.11.1988 жылғы №415 және Қала Әкiмiнiң 30.12.1988 жылғы №1076 шешiмiмен пайдалануға берiлiп, облыстық денсаулық сақтау басқармасының 06.01.1989 жылғы №41 бұйрығымен ашылды.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы 185 орынға арналған. Оның iшiнде
6 емдеу бөлiмi және 13 қосымша бөлiмшелерi бар.
Ауруханада мамандандырылған балалар iшек ауруы, жұқпалы аурулар бөлiмшелерi, ересектер, БОКС бөлімі мен реанимация және интенсивті емдеу бөлімшесі бар.
Өмір негізі – денсаулық, денсаулық негізі – тазалық» деген ұлағатты сөздің астарына үңілсек, адамның денсаулығы өмірдегі ең қымбат байлық екені рас.
Жыл көлемінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық-әдістемелік және емдеу-диагностикалық орталық ретінде облыс тұрғындарына жұқпалы аурлардың алдын алу және емдеуі жөнінде орасан зор мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді. Аурухананың материалды-техникалық базасы талапқа сай.
Бүгнігі таңда Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деп айтуға болады. Облыс көлемінде жұқпалы аурулардың азаюы – көптеген елді мекендердің сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі, халық арасында медицина қызметкерлері тарапынан жүргізілген толыққанды санитарлық-ағарту жұмыстарының үлесі.
Қала мен аудандардағы жұқпалы аурулардың емдеу жұмыстары да қадағаланып, дер кезінде тәжірибелік көмек көрсетіліп келеді.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жұқпалы аурулар туралы практикалық маңызды тақырыптарда семинар-кеңестер, тәжірибе алмасу, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу дәстүрге айналған.
Ана мен бала денсаулығын қорғауда медициналық көмекті ұйымдастыру, қосымша тамақтандыру тәсілдері қолға алынған.
Аурухана ұжымы – білікті және тәжірибелік мамандармен облыс халықна үнемі жоғары деңгейде сапалы медициналық және профилактикалық көмек көрсету – алға қояр бірінші мақсаты деп біледі.
Ауруханада 36 дәрiгер, 181 орта буын медицина қызметкерлерi жұмыс жасайды
Олардың ішінде 9 – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi, 1 дәрiгер медицина ғылымдарының кандидаты, 12 жоғары, 11 - бiрiншi, 4 –екiншi бiлiктiлiк санатындағы дәрiгерлер жұмыс жасайды.
Аурухана 2006 жылдың қорытындысы бойынша «Ең үздiк мекеме» атанды.
Бас дәрiгер қызметiн атқарғандар :
1989-2000жылдар аралығында– ҚР Әлеуметтiк ғылымдар академиясының “Құрметтi академигi” атағының иегерi, ҚР Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi - Атабай Базарбай Асанбайұлы ;
2000- 2004жылдар аралығында жоғары бiлiктiлiк санатындағы дәрiгер, ҚР Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi - Рысмұхамедова Күләш Райбекқызы ;
2004 - 2014 жылдар аралығында жоғары бiлiктiлiк санатындағы денсаулық сақтау iсiнiң ұйымдастырушысы, ҚР «Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» -
Балабекова Қаракөз Рзатайқызы;
2014-желтоқсан 2015жыл аралығында жоғары бiлiктiлiк санатындағы денсаулық сақтау iсiнiң ұйымдастырушысы, ҚР «Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» - Қожарипова Жаннат Шайхсламқызы;
Желтоқсан 2015жылдан - Бірінші бiлiктiлiк санатындағы денсаулық сақтау iсiнiң ұйымдастырушысы, Бірінші санатты бала дәрігері – Мухамбетова Айна Қарабұзауқызы бас дәрігер қызметін абыроймен атқарып келеді.