CALL-ЦЕНТР

CALL-ЦЕНТР
2015 жылдың 1 қазанынан бастап Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық медицина орталығы» ШЖҚ МКК қарамағында Кызылорда облысы бойынша Біріккен медициналық Call-орталығы қызмет атқаруда.
    Call-орталығын ұйымдастыру мақсатында, жергілікті бюджеттен 12124 мың.теңге бөлінді. Call-орталығына облыстың 45 медициналық мекемесі қатыстырылған, бұл медицина мекемелерінің 100% құрайды.
    Жұмыс тәулік бойы 8(7242) 40-00-01 және 1430 (қалалық телефоннан тегін)  Сіздің назарыңыздағы сұрақтарға мамандандырылған операторлар жауап береді. Сізге облыстың барлық емдеу ұйымдары жайлы ақпарат алып, сұраныс жасауға немесе арыз беруіңізге болады.

     Call-орталығының міндеттері мен функциялары: 
     -денсаулық сақтау саласында, азаматтардың денсаулығын қорғау туралы заңнамалардың бұзылуын алдын-алу;
     -денсаулық саласында жүйелі түрде болып тұратын қателіктерді анықтау және анализ жасау;
     -азаматтардың жүгінулерінің тез арада орындалуын қамтамасыз ету;
     -азаматтарды дәрігерге тіркеуін ұйымдастыру;
     -азаматтарға анықтамалық-консультациялық көмек көрсету;
     -уәкілетті органдарға шағымдарын жолдау, азаматтардың көрсетілетін медициналық қызметке қанағаттанбауына шаралар қолдану;
     -азаматтардан жүйелі түрде түсетін жүгінулердің негізінде, медициналық көмектің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету     мақсатында ұсыныстар мен іс-шаралар ұйымдастыру;
    Call-орталығының негізгі мақсаты – медициналық көмек көрсету сұрақтары бойынша тұрғындар сұраныстарын қабылдап, тіркеп, тиісті мекемеге жеткізу,көрсетілген қызмет нәтижелері және есептік ақпараттың алынуын қадағалау. Call-орталығы құрамында сарапшы-дәрігер, психолог, орта медициналық білімі бар операторлар қызмет атқарады.

 
   

Бас дәрігердің блогы

Мемлекеттік қызметтер