» » Бактериологиялық зерттеу лабораториясы

Бактериологиялық зерттеу лабораториясы



Облыстық  жұқпалы аурулар ауруханасының бактериологиялық  зертттеу лабораториясы ҚР Үкіметінің 01.01.2012жылғы № 13 Қаулысы «Зертханаларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары», ҚР 15189-2008ж. ИСО стандарты «Сапасы мен біліктілігіне қойылатын талаптар» және «Шартты-қауіпті химиялық және биологиялық заттар қолданатын зертханаларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР Ұлттық Экономика Министрінің міндетін атқарушысының 15.04.2015 жылғы № 338 бұйрығы негізінде :

  1. Бактериологиялық,  серологиялық,  биологиялық  және  иммунды-ферментті   диагностикалық  зерттеулерді  ұйымдастырып,   жүргізу.
  2. Әрдайым  сапа  бақылауын  жүргізу  арқылы  лабораториялық  зерттеулер  сапасын  жоғарылату.
  3. Тәжірибеге  инфекциялық  аурулардың  заманауи  зерттеу  тәсілдері  мен  құралдарын  енгізу.
  4. Аналитикалық  және  диагностикалық  құндылығы  жоғары  жаңа  зерттеу  тәсілдерін  игеру.
  5. Зертханалық  қондырғыларды,  биопрепараттар  мен  химреактивтерді  тиімді  пайдалану.
  6. Дәрігерлер  мен  лаборанттармен  жедел  және  созылмалы  инфекция- лық  аурулардың  диагностикасы  жөнінде  әрдайым  оқыту  семинар  сабақтарын  жүргізу.
  7. Зерттеулер  сапасын  жоғары  деңгейде  ұстау  мақсатымен  жұмысты  ішкі  өзіндік  және  сыртқы  бақылау  арқылы  тексеру.
  8. Зерттеулерді   әрдайым  ҚР  Денсаулық  сақтау  министрлігі   бекіткен  бұйрықтармен,  методикалық  нұсқаулықтармен   жүргізу.
  9. Зертхана  көрсеткіштерінің  сараптамасын  жүйелі  түрде  жасап  тұру,  солардың  негізінде  зертхана  жұмысын  жетілдіру  шараларын  жүргізу.



Бактериологиялық   зерттеу лабораториясы  жұмысының  бағыты:

Диагностикалық  зерттеу  сапасын  көтеру  арқылы  халыққа  әрдайым  жоғары  сапалы  қызмет  көрсету.
Жедел  және   созылмалы  инфекциялық  аурулардың  диагностикасын  дұрыс  жүргізу  мақсатында  жаңа  зерттеу тәсілдерін  енгізу.
Әрдайым  заманауи  аппараттар  мен  қондырғыларды  қолдану  арқылы  зерттеулердің  мәліметтілігін  арттыру.

Зертхана  қызметкерлерінің  білімділігі  мен  еңбекке  машықтығын  ұдайы  көтеріп  отыру.
Зерттеу  сапасын  жоғары  деңгейде  ұстау  мақсатымен  әрдайым  ИСО-15189  стандарттарына  сәйкес  жұмыс  жасап,  преаналитикалық,  аналитикалық,  постаналитикалық  этаптарда  қателер  болдырмау.














Бас дәрігердің блогы

Мемлекеттік қызметтер