» » Клинико-диагностикалық зертханасы

Клинико-диагностикалық зертханасы


Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының клинико – диагностикалық зертханасы аурухананың ІІІ-ші қабатында орналасқан. Барлық керекті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген. Зертханалық қызметті жетілдіру ҚР ДС сапасын дамыту 2011 – 2015жж арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бағаны болып табылады.

Клиникалық лабораториялық диагностика – диагностикалық қызметтер арасында маңызды орынды алады. ҚР ДСМ № 758 28.09.2015 жылы шыққан бұйрығына сүйене отырып, зертхана гематология, жалпы клиника, биохимия иммунология бөлімдері бойынша зерттеулер жүргізіледі. NSO – 15189 – 2008 ж мемлекеттік стандартта көрсетілген сапа мен құзыретіне қойылған айрықша талаптарға сәйкес жұмыс жасайды. Зертханада барлық өткізілетін зертханалық зерттеулерге сапасын анықтау мақсатында күнделікті бақылау жүргізіледі. Науқасқа дұрыс диагноз қоюға, аурудың болжамын анықтауға, терапиялық емінің тиімділігін бақылауға көмегін тигізеді. Клиникалық зертханалық тексерулердің барлық салаларында жедел, дұрыс нәтижелерді қамтамасыз етеді.


Гематологиялық зерттеулер Sismex КХ-21 гематологиялық анализаторда жүргізіледі. Қан жасушаларының көп параметрлік есепшісі болып табылады. Осы анализатор сағатына сынамалардың 60 үлгісін өңдей алады. Ағымды қажеттілігіне сәйкес зертхананы тәулік бойы тиімді жұмысымен қамтамасыз етеді. Биохимиялық зерттеулер Biochem SA США жартылай анализаторымен жасалады. Осы анализатормен кең мүмкіншіліктерді ағымды қажеттіліктерге сәйкес жұмыс жасалады.

Бас дәрігердің блогы

Мемлекеттік қызметтер