» » Ротовирустық инфекция туралы нені білу қажет

Ротовирустық инфекция туралы нені білу қажет

Ротовирустық  инфекция  азқазан- ішек  жолдарының  зақымдануыменсипатталатын  жіті  вирустық ауру. Бұл  көбінесе кішкентай   балалардызақымдайды. Алайда  дәрігерге  уақытылыжүгініңіз.

Ротовирустық  инфекциясы-  ішек жіті  инфекциясытүрлерінің  бірі, оның  қоздырғышыадамның  ротовирусы болып  табылады. РВИ кез – келген  жастағы адамдар  ауыруымүмкін,  көп ретте 6 айдан  бір –екіжасқа дейінгі балалар  ауырады. Жұқтыру көзі  ауру  адамнемесе  дені  сау вирустасымалдаушы  адам  болыптабылады.

Жұқтыру  екі  қарапайымтәсілмен  болады:
-зарарланған  су  және тамақ арқылы
- қатынастық- тұрмыстық жолмен (ересек адамдардың кір қолдары, сондай-ақ, күтім жасау заттары: қуыс нәрселер, бөтелкелер, ойыншықтар  және т.б.арқылы)

Аурудың  дамуы:
Ауру  көп реттежұқтырғаннан  кейін жіті айқындалу: құсу, іш өту (диария), дене қызуы, тамақ және су ішпеу, жалпы жағдайының нашарлауы, әлсіздік,енжеарлық,емшекті немқұрайлы ему (нәрестелерде) немесе тамақтанбау белгінерімен 12-24 сағаттан соң басталады.Одан басқа, ауырғандардың көбінде мұрын  бітелуі, тамағында қызару, жұтынғанда ауырсыну,терінің солғындығы пайда болады.

Аурудың  алғашқыбелгілері пайда  болған  кезде:
1.Аймақтық дәрігерді шақыртыңыз.
2. Баланың тамақ рационынакез-келген сүт және қышқыл сүт өнімдерін:сүт, сүт ботқаларын,айран,ірмішік  және тағы басқаларды алып  тастаңыз.(Емшек сүтін еметін балалардан басқа).
3.Баланың сұйықтығын  қалпына келтіру  үшін жиі су ішкізу керек.Су,тұз ертінділері немесе  морстар пайдалы. Су-тұз тепе-теңдігін қалпына келтіру қажет, құрамында қажетті натрий,калий,цитраты бар регидрон ертіндісін – 1 л суға 1 қорапшасын дайындау керек және балаға әр сағат сайын 50 мл ішкізіңіз.Аз-аздан  жұтқызыңыз, өткені көп ішсе құсуы мүмкін.

Алдын алу: Жеке гигиена ережесін: дәретханаға барғаннан және көшеден келгеннен кейін қолды жуу, үйде  тазалықты сақтау өте маңызды.  
27 қыркүйек 2019 ж., 19:34 985

Бас дәрігердің блогы

Мемлекеттік қызметтер

Хабарландыру