» » Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы


    Бүгін, яғни, 1 қыркүйек сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

  Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында елімізде жер жаһанда зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес жұмыстарын жүргізген дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай жағдайға бей-жайқалмаған барлық азаматқа шын жүректен алғысын білдірді.

   Бүгінгі жолдауда денсаулық сақтау саласына қатысты не айтылды?

1.2023 жылға дейін әлеуметтік төлемдерді индексациялауға 1 трлн теңге бөлінеді. «Қаншалықты ащы болса да шындықты айтып отырдық. Бұл кейбір мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы. Алайда ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі де жалғасуда. ДДСҰ болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластыруымыз керек. Барлық шешімдер мұқият тексерілген болжамдарға негізделген болуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы. ҚР Президентінің атап өтуінше, Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдістерін енгізуде. «Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелер орындалатын болады. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінуде. Әлеуметтік төлемдерді индаксациялау жұмысы жалғасасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

2. 2021 жылдан елімізде «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы іске қосылады. «Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнауы бағдарламасын бағдарламасын іске қосуды тапсырамын. «Эко» бағдарламасымен квотаны 7 мыңға дейін, яғни, 7 есе көбейту қажет», - деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысының атап өтуінше, елімізде өкінішке орай әрбір алтыншы отбасы бала сүю бақытынан айырылған. «Әлеуметтік сауал салу қазақстандықтардың шамамен 20 пайызы «бұл ажырасуға үлкен себеп» санайтындығын көрсетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

3.Барлық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс. «Отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін», - деді Президент.

4.Жыл соңына дейін 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. «Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл осы мақсатқа орай 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз» деп атап өтті Мемлекет басшысы Жолдау барысында. «Бұл орталықтар еліміздің беткеұстар мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді», - деді Қ. Тоқаев.

5. Барлық елдімекенде фельдшерлік-акушерлік пунктілер ашылады. «Үкімет бастапқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауы қажет. Ол барынша мобильді әрі халықтың барлық тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Шалғай өңірлерде көліктік медицинаны жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет. Бұл үш жыл мерзімде ауылда тиімді денсаулық сақтауды қалыптастыруға көмектеседі», - деді Президент. Сонымен бірге, Президент барлық ауылдық елдімекендерді фельдшерлік-акушерлік пунктілермен және дәрігерлік амбулаториямен қамтамасыз етуді тапсырды.

6. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болады.


  ҚР Президенті өзінің кезекті жолдауында еліміздің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту және денсаулық сақтау саласын дамыту үшін қажетті нақты шараларды атап өтті. Жолдауда көрсетілген шараларды толығымен қолдап, тапсырмаларды орындау мақсатында барынша күш-жігерімізді салып ат салысуымыз қажет.



01 қыркүйек 2020 ж., 14:41 165

Мемлекеттік қызметтер