» » Жедел ішек инфекциясының алдын алу жөнінде кеңестер

Жедел ішек инфекциясының алдын алу жөнінде кеңестер

Жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) – ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобы. Жедел ішек инфекциялары қоздырғыштар өте төзімді және ұзақ уақыт топырақта, суда, сондай-ақ қасық, тәрелке, есіктің тұтқасы, ойыншық және т.б. заттарда сақталуы мүмкін. Микробтар суда, сүтте, сүтті өнімдерде, етте, тәтті өнімдерде, салаттарда және басқа да тез бұзылатын азық-түліктерде көбейеді.

Негізгі белгілері:

  • іштің ауыруы
  • құсу, іш өту
  • дене қызуының көтерілуі
  • әлсіздік, тәбеттің төмендеуі

Құсқанда және іш өткенде адам сұйықтықты жоғалтады, соның нәтижесінде ағзадағы су алмасу процесі бұзылып, жүректің, тамырлардың, бүйректің және басқа ағзалардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады.

Жедел ішек инфекциясының белгілері байқалса, өздігіңізден емделмей,

жедел медициналық көмекке жүгініңіз!

Жедел ішек инфекцияларын болдырмау үшін, мына ережелерді сақтау қажет:

  • Ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолдарыңызды сабындап жуыңыз!
  • Тек қайнатылған су ішіңіз!
  • Көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз!
  • Ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық айдындардың, арықтардың суын пайдаланбаңыз!
  • Арнайы белгіленген жерлерде ғана суға түсуге болады!
  • Дайындалған тағамдарды ашық қалдырмаңыз!
  • Тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтаңыз!
  • Үйдегі қоқысты уақытында шығарыңыз!
  • Күнделікті өмірде тағам өнімдерін сақтау және қолдану әдістерін  дұрыс орындамаудың салдарынан астан улану жағдайлары  көбейеді. Сондықтан  аурудың алдын алып, қарапайым гигиеналық талаптарды сақтаңыздар:
  • Тағам өнімдерін сақтау тәртібін және  мерзімін қадағалаңыздар;
  • Асты дайындау технологиясына мұхият болыңыздар;
  • Тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтаңыздар;
  • Суды қайнатып ішіңіздер;
  • Қоғамдық және жеке бас тазалығын сақтаңыздар;
  • Көшеден  тағам  (пирожки, самса, т.б) сатып алмаңыздар;

Есте сақтаңыздар! Тағамды дұрыс сақтау және дайындау  Сіздің және балаларыңыздың денсаулығының кепілі. Қарапайым кеңестерді ұстану СІЗ бен отбасыңыздың денсаулығын сақтайды!

Өмір негізі – денсаулық. Денсаулық негізі – тазалық.

ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ   КҮТІҢІЗ!

Бас дәрігердің блогы

Мемлекеттік қызметтер