» » ВИРУСТЫ В, С ГЕПАТИТЕРІНІҢ ПАРЕНТЕРАЛЬДЫ ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ЖҰҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

ВИРУСТЫ В, С ГЕПАТИТЕРІНІҢ ПАРЕНТЕРАЛЬДЫ ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ЖҰҒУДЫҢ АЛДЫН АЛУ


Вирусты гепатит В-  кең таралған вирусты инфекция. Гепатит Втек  ауру адамнан, сонымен қатар вирус тасымалдағыштарынан  жұғады. Қан, сілекей, шәует,  жедел,   созылмалы науқастың көз жасы, вирус тасымалдағыштары және қан жұққан заттар арқылы да жұғуы мүмкін.Гепатит В  вирустары ағзаға тері зақымданған кезде және қан арқылы түседі.

Вирусты В гепатитінің таралу жолдары:

1.  гепатит ауруымен ауырған донордың қанын құйғанда;

2. жыныстық жолдармен;

3. дұрыс жуылмай, дәрі ерітіндісіментазартылмаған  жаппай қолданылатын шприцтер мен инелер, медициналық құралдарды, кесуге, шаншуға  арналғанзаттарды пайдаланғанда;

4.Ауру анасына нәрестеге.   

Тәуекел топтары:

1.Тері мен сілекей қабаттарынзакымдап,  алуан түрлі медициналық әрекеттерді қолданған адамдар(ине шаншу, егу, тері-аллергиялық сынамалар);

2. Қан тамыры арқылы есірткіні пайдаланатын нашақорлар;

3.Медициналық емес әрекетерді қолданатын адамдар

(құлақ тескенде, татуировка жасағанда, сүндетке отырғызғанда, сақал алғанда, пирсинг, маникюр  және т.б, жағдайда  жаппай бір құрал қолдаған кезде);

4. Қан  және оның құрамдас бөлігін құйған кезде.

Вирусты гепатит С – көбінесежасырын түрде, ауыр асқынулармен өтетін , тұрғындар арасында кең тараған жұқпалы ауру. Вирусты гепатит С қоздырғышы тек бауырда ғана емес, сонымен қатар қанда, сілекейде,шәуетте, тіндерде және басқа да ағзаларда болады.

Тәуекелфакторлары

Вирусты  С гепатитін  жұқтыруға ықпал ететін фактор, ол С вирусы бар қан, сілекей, шәуеттің сау адамның ағзасына түсуі  

                           


         Алдын алу шаралары:

1. Вирусты В гепатиіне қарсы егу;

2.бір рет пайданалатын ине мен шприцтерді қолдану;

3.жеке бастың гигиеналық құралдарын пайдалану;

4.бөгде адамның жеке гигиеналық құралдарын пайдаланбау (ұстара және маникюр құралдары, тіс щеткасы пирсинг, татуировка  жасау аспаптары);

5.қауыпсіз жыныстық қатынас;

6.бөгде адамның қанын жұқтырудан аулақ болу.


Вирусты В гепатитіне қарсы егу қарқынды түрде жүргізіледі.

2001 жылдан бастап Вирусты В гепатитіне қарсы егу, профилактикалық егулер тізбесіне енгізілген.Қазіргі таңда егуді  мыналар алады:

1. нәресте перзентханада, 1 айдан соң және 6 айдан кейін;

2. медициналық қызметкерлер;

3. жабық мекемелерде тәрбиеленушілер ( балалар үйі, интернат және т.б.), сонымен бірге  осы мекеме қызметкерлері;

4.гемодиализ бөлімшесінің науқастары;

5. гемофилиямен ауыратын науқастар;

6.гомосексуалисттер;

7. нашақорлар .

Жүктілік кезінде  егу  алуға болады.


Вирусты гепатитерді болдырмау үшін аурудың алдын алудың және науқастарды уақытында анықтаудың маңызы орасан зор. 

Бас дәрігердің блогы

Мемлекеттік қызметтер

Хабарландыру