Ротавирустық инфекция


Жалпы уыттану белгілерімен қатар жүретін, асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын, сусыздануды (дегидратация) туындататын, жас балаларға тән жедел вирусты ауру.

Аурудың жұғу жолы

Адам инфекцияны алиментарлы жолмен жұқтырады. Ауру көзі мен тасымалдаушысы — науқас  адам. Қоздырғыш нәжіспен бірге ауру басталған соң 3 аптаға дейін бөлінеді. Фекальды-оральды жолмен жұғады.

Жасырын кезең —15  сағаттан 7 күнге дейін (жиі 1-2 күн). Ауру жедел басталады. Науқастың толық сипаттамасын сырқат басталғаннан 12-24 сағат өткен соң байқауға болады. Дене қызуы 37°-39°С. Науқастың эпигастрий тұсы ауырады, жүрегі айнып, құсады. Тамағының қызаруын, ринит белгілерін, мойын лимфа бездерінің ұлғайғанын жиі көруге болады. Ірің және қан араласпаған үлкен көлемдегі су тәріздес сұйық нәжіс шығады, яғни іш қатты өтеді. Бұл көбіне екіншілей жұқпаның қосылуымен байланыстырылады. Науқастардың жартысында құсу болады. Ересек науқастарда әлсіз уыттану мен субфебрильді температура фонында құсу, жүрек айну, эпигастрий аумағында ауырсыну пайда болады. Сонымен қатар ересектерде жиі жұмсақ таңдай, тілшеде гиперемия мен кілегей қабаттардың қабынуын, склераның қызаруын көруге болады. Жалпы уыттану барлық ауырған науқастардың тек 10%-да ғана кездеседі. Барлық науқастарда үлкен көлемдегі су тәрізді, өткір иісті, кейде бұлыңғыр-ақшыл түсті тырысқақ ауруына тән нәжіс болады. Іштің қатты шұрылдауы тән. Жалған дәретке отыру болмайды. Бактериалды инфекция (шигеллез, эширихиоз, кампиллобактериоз) қосылғанда, кейбір науқастардың нәжісіне қан және ірің қосылғанын көруге болады. Бұл науқастарда қалтырау және уыттану белгілері айқын.

Емі

Науқастың сулы-электролитті тепе-теңдігін қалпына келтіру арқылы симптоматикалық ем жүргізіледі.

Ауру кезінде баланың тәбеті төмендеуі немесе мүлдем болмауы мүмкін. Кез-келген сүт өнімдерін диетадан дереу алып тастаңыз; сүт, сүт ботқасы, айран сүзбе, шырындар, жұмыртқа, жемістер. Алғашқы 2-3 күн диета-судағы сұйық күріш ботқасы,тауық сорпасы, кисель беруге болады.

Ротавирустық инфекцияның алдын-алу жеке гигиена шараларын сақтау және ауру кезінде науқасты оқшаулау болып табылады.



Бас дәрігердің блогы

Мемлекеттік қызметтер