» » Тұмау. Оның қауіптілігі.

Тұмау. Оның қауіптілігі.


Тұмау - жұқпалы ауру. Ол вирустармен қоздырылады, ағзаға ауа арқылы таралады, яғни мұрын және ауыз қуысы арқылы. Әдетте тұмаумен ауырған адамда дене қызуы өте ыстық болады, балаларда сіңірі тартылады.

Тұмаудың негізгі қауіпі – ол тұмаудан кейінгі асқынудың, дамудың тәуекелдігі болып табылады, ең көбірек кездесетін асқынулардың түрлері: өкпе қабынуы, ринит, синусит,  бронхит, құлақтың қабынуы, жүрек бұлшық етінің ауруы, жүрекқап қабынуы, бұлшық еттің қабынуы, бүйректің зақымдануы, менингит. Сондай- ақ тұмаумен ауырғанда созылмалы аурулары бар адамдардың ауруы асқынады. Тұмау әсіресе балалар, қарт адамдар мен жүкті әйелдерге қауіпті.


Тұмаудың белгілері: қызу, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, бұлшық еттер мен буындардың ауыруы, қалтырау, қалжырау, жөтел,  тұмау немесе мұрынның бітелуі, жарыққа қарай алмау, тамақтың (жыбырлауы) ауыруы.

Тұмаумен ауырғанда не істеу керек?

Тұмау індеті кезінде қоршаған ортаға ауру жұқтырмау үшін үйде қалу және дер кезінде емделумен айналысу үшін дәрігерге дереу қаралу қажет. Тұмауда өзін- өзі емдеуге болмайды. Дәрігердің өзі Сіздің жағдайыңыз бен жасыңызға сәйкес  диагноз қойып, қажетті емді белгілеуі қажет. Ауырған кезде емдеуші дәрігердің барлық ұсынымдарын: дәрі- дәрмектерді дер кезінде қабылдап, төсек тәртібін сақтауды қатаң орындау қажет, себебі ауырғанда жүрек- тамыр қызметі, ағзаның иммунды және басқа  жүйесіне көп күш түседі. Сұйықты көбірек ішу қажет, оларға: ыстық шай, мүкжидек немесе ит бүлдірген морстары, сілтілік минералды сулар жатады. Тамаққа құрамында С дәрумені бар (мүкжидек, ит бүлдірген, лимон және т.б.) өнімдерді  қолданыңыздар.

Егер Сіздің дене қызуыңыз 38- 39° жоғары көтерілсе, үйге учаскелік дәрігерді шақырыңыз. Демікпе, екінші рет құсу, сіңір тарту, естен айырылу пайда болған кезде 103 телефоны бойынша "жедел жәрдем" бригадасын дереу шақырту қажет.

Жұқпалардың таратылуының алдын алу үшін, науқас адамды дені сау адамнан жеке бөлмеге оқшаулау керек (жеке бөлме бөлу қажет).

Өзіңіздің ауырып қалмауыңыз және айналадағыларға жұқтырмау үшін не істеу керек:

  • Науқас адамдармен байланыстан алшақ болу;
  • Науқасқа 1 метрден жақын жақындамау;
  • Науқас адамдармен байланыс жасаған кезде бетперде кию;
  • Инфекцияның таралуын алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы (құрамында спирт бар) ерітіндімен жуу;
  • Бір реттік қол орамалын қолдана отыра, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды жабу;
  • Адам көп жиналған жерге (ойын-сауық шараларына, жиналыстарға, кездесулерге) бармау;
  • Бөлмені жиі желдету;
  • Кір қолмен көзді, мұрын мен ауызды түртпеу;
  • Салауатты өмір салтын ұстану (толық қанды ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай тағамдар), ол ағзаның кез келген инфекциямен күресуіне көмектеседі.



Бас дәрігердің блогы

Мемлекеттік қызметтер