» » Конго-Қырым қанды геморрагиялық қызбасы

Конго-Қырым қанды геморрагиялық қызбасы

  Қырым –Конго геморрагиялық  қызбасы - зоонозды табиғи ошақтары бар, вирустар арқылы берілетін, дүние жүзінде кең тараған аса қауіпті
, жедел трансмиссивтi жұқпалы аурулар қатарына жатады. Негiзiнен екi толқынды дене қызуының көтерiлуiмен, жалпы интоксикация және  тромбогеморрагиялық синдром белгiлерiмен сипатталады. 
Республика аумағында жыл сайын дерлік КҚГҚ-мен ауыру жағдайы тіркеліп отыр. Елімізде Шымкент қ. және Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары КҚГҚ бойынша эндемиялық (қолайсыз) аумақ болып есептеледі. 
Эпидемиология  аурудың табиғаттағы резервуары сүт қоректiлер: сиыр, ешкi, қоян және жабайы кемiргiштер болып табылса, тiкелей ауруды тасымалдаушы және сақтаушы  кене болып табылады. ØИнфекцияның көзі – майда және ірі сүт қоректілер; ØИнфекция тасымалдаушы - кененің Hyalomma түрлері; 
Жұғу жолдары:
ØТрансмиссивтік (кене  шағуы арқылы) тері арқылы; ØҚатынастық жолмен (науқас адамның, жануардың, кененің қаны арқылы) тері және шырышты қабаттар арқылы; ØҚой қырқу науқаны кезінде кенелерді абайсызда  езіп тастау немесе қырқу  барысында, кененің қаны арқылы терінің зақымдалған бөліктері арқылы ағзаға енеді; ØАэрогенді –аэрозольді жолмен  (көз және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаты арқылы);ØҚКГҚ на Табиғи-ошақтық тән ØМаусымдылық сипатқа ие яғни көктем жаз айлары  (сәуір-маусым аралығы)ØНегізінен малшылар және олардың отбасындағы адамдар ауырады  ØОңтүстік аймақтарда аурудың көрінісі жылдың  барлық кезеңдерінде байқалуы мүмкін 
  Инкубациялық кезең 2 күннен 14 күнге созылуы мүмкiн. Айта кететiн жағдай, Қырым-Конго геморрагиялық қызбасымен ауырған науқастардың 7-9%-да геморрагиялық белгiлер байқалмайды, сол себептен аурудың клиникалық көрiнiстерi 2 түрлi клиникалық вариантпен өтуi мүмкiн:
I.Геморрагиялық белгiлерсiз ( жеңiл, орташа түрде). II.Геморрагиялық белгiлермен (жеңiл, орташа, ауыр түрде).
Файлды жүктеу: 2-kkgl-balabaeva-aynash.pdf [2.49 Mb] (жүктеу: 27)
Көру онлайн файл: 2-kkgl-balabaeva-aynash.pdf

Мемлекеттік қызметтер

Хабарландыру