Менингит

Бұл өте қатерлі ми ауруы. Көп жағдайда балалар ауырады. Аурудың бактериясы жөтел кезінде және ауа арқылы жұғуы мүмкін. Мәселен мұрынға түскен бактерия жұлынға өтіп, қан айналымына енеді де, қоздырғыш өзге де бактерияларды күшейтеді. Ал оны жұқтырған адамның өзі де ауру таратушы болады.

АУРУ қалай ПАЙДА БОЛАДЫ?

Менингит – адам көп шоғырланатын жерде еркін дамып, ауаға тарайды. Ол ауамен тыныстаған адамның міндетті түрде қоздырғыш бактерияны жұқтырып алатыны белгілі. Адам көп жерде жұқпалы ауру ошағы болады. Сондықтан гигиеналық талап орындалмаған жерде аталған ауру қоздырғышын жұқтырып алу да қиын емес. Мәселен қоғамдық тамақтану орындары, монша, жүзу бассейндері мен су қоймалары, көлшіктер бұл ауруға «жағымды» орта қалыптастыра алады. Сөйтіп, ауру ошағы пайда болады.

БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Бұл аурудың жетекші үш белгісі: құсу, бас ауыруы және қызу. Олар ауруды инкубациялық кезеңге алып барады.Аурудың алғашқы сағатында баланың ыстығы тез жоғары деңгейде 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Ауруды тез анықтап, шұғыл емдеуді бастаған жағдайда дене қызуы 3-4 күнде түседі. Бұл белгілермен қоса жиі әлсіздік, енжар жағдай, ұйқышылдық пайда болады.
Бас ауруы алғашқы сағаттарда жүреді, нақты орналасқан жері болмайды. Құсу алдыңғы белгілерден кейін орын алады.Осы үш белгінің болуы балада нақты менингит ауруы бар деген сөз емес. Диагностикаға 100% сенімді болу үшін ол аурудың басқа белгілерін анықтау қажет.Ауру басталғанда науқастың дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, құсады. Ал бір жасқа дейінгі балалардың іші өтуі де мүмкін. Былай қарағанда бұл белгілері тұмауға ұқсайды. Сондықтан көп адам ауруды асқындырып алып жатады. 

НАУҚАС ӨЗІН ҚАЛАЙ ҰСТАЙДЫ? 

Менингит пен ауырған адам шалқалақтай береді. Басын еңкейтіп, иегін кеудесіне жеткізе алмайды, тізелері де толықтай жазылмауы мүмкін. Ыстығы түспей, сандырақтап сөйлей бастайды, есін жоғалтады. Қарқылдап күліп не қатты жылауы мүмкін. Денесі құрысып (судорога) қалады. Ата-анасы ауырған баладан осындай белгілерді байқаса, тездетіп аймақтық дәрігерді емес, бірден жедел жәрдем шақыртқаны дұрыс. Себебі бұл ауру өте күрделі және шұғыл емді қажет етеді.





ЕМ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

Медицинада қолданылатын әдіс бойынша, менингитті анықтау үшін ауырған адамның жұлынынан міндетті түрде су алынады. Әйтпесе, нақты диагноз қою мүмкін емес. Жұлыннан алынған су нәтижесі анықталғанан кейін,сол арқылы ем-дом тағайындалады. Бір апта антибиотиктермен емделгеннен кейін, екінші рет пункция яғни жұлыннан сары су алынады. Ал бала денсаулығына пункциядан келетін зиян жоқ. Кейде асқынған менингиттің салдарынан сал ауруына немесе оның жеңіл түріне душар болуы мүмкін. Дер кезінде қажетті ем-домын алса, науқас құлан-таза жазылып кетеді. Жалпы, менингит иммунитеті әлсіреген адамға да үйірсек болады.

Менингитті алдын алу: Вирусты менингиттің алдын алу үшін белгілі бір ережелерді ұстану қажет. Алдын алу шаралары төмендегідей беске бөлінеді:
Біріншіден, бір жас немесе одан да кішкентай балалар үшін ішуге бөтелкедегі немесе қайнатылған су берген жөн. Өйткені суда көптеген бактериялар мен вирустар болуы мүмкін.

Екіншіден, тұрып қалған су объектілерінде балаларды шомылдырмау қажет: көлдер, су қоймалары және басқа да орындар. Мұндай орындар бактериялардың сүйікті мекені.

Үшіншіден, азық-түлікке назар аударыңыз. Жеміс-жидек пен көкөністерді пайдаланудан бұрын тазалап жуу қажет. Ет және балықты мұқият пісіріңіз.

Төртіншіден, жеке бас гигиенасын сақтау маңызды. Көшеден келгенде, дәретханадан соң, кем дегенде, 20 секунд қолыңызды сабындап жуу керек. 
Балалардың қолын мұқият жуу қажет.

Бесіншіден, өзіңіздің және балаңыздың иммунитетін күшейтіңіз. Дәрумендер қабылдап, таза ауада серуендеңіз. Сондай-ақ тамақтануына көңіл бөліңіз, ол қауіпсіз және пайдалы болсын.Осы нұсқауларды орындаған жағдайда менингиттің алдын алуға болады.





Блог главного врача

Государственные закупки

Объявления