Вопрос-Ответ

  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Вопрос*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Тимур- 18 марта 2019 13:03
Саламатсыз ба? Соңғы кезде қызылша ауруының көп тіркелгендігін естіп жатырқ. Қызылша ауруының белгілері қандай және қандай алдын алу шаралары бар?

Айна Карбузауовна- 18 марта 2019 13:10
Тимур,
Саламатсыз ба?! Сұрағыңызға рахмет! Қызылша- жедел инфекция, жоғары тыныс жолдарының, көздің шырышты кабаттарының қабынуымен,дене қызуының көтерілуімен , ірі дақты бөртпелермен және улану белгілерімен сипатталатын жұқпалы ауру. Ауру дене қызуының 38—40°C дейін көтерілуі, әлсіздік, айқын бас аурумен басталады. Біраз уақыттан кейін мұрынның бітелуі, жөтел және тәбетінің нашарлауы қосылады. Аурудың 4 күніндеұсақ-майда қызыл бөртпелер пайда болады, кейін 3-4 күн ішінде барлық денеге таралады. Қызылша және оның асқынуларын алдын алудың ең тиімді әрі қауіпсіз шарасы бұл- қызылшаға қарсы екпе болып табылады.

Светлана- 14 марта 2019 10:38
Здравствуйте! У меня ребенок болеет гепатитом В. Где я могу пройти полное обследование и получить лечение?

Айна Карбузауовна- 14 марта 2019 10:56
Светлана,
Добрый день! Если у вас ребенок болеет гепатитом В, вы должны встать на диспансерный учет у своего участкового врача и в гепатоцентре, который находится в областной консультативно-диагностической центре. На основании диспансерного наблюдения (на основании клинических анализов) вашего ребенка врачом гепатоцентра будет установлено плановое стационарное или амбулаторное лечение.

Жадыра- 26 марта 2019 11:18
Қайырлы күн! Көктемде кенелер маусымы болып жатады. Кене шаққанда  нестеуге болады?

Айна Карбузауовна- 26 марта 2019 11:34
Жадыра,
Саламатсыз ба?! Сұрағыңызға рахмет! Кенелер көптеген аурулардың таратушысы болып саналады, сондықтан шағып алған жағдайда тез арада алғашқы жәрдем жасау қажет. Бірінші кезекте жәндікті денеден алып тастау қажет. Егер жақын жерде медбөлімше болмаса, кенені өзіңіз алып көріңіз. Кенені кішкентай тұмсығын жұлып алмай, өте абайлап алу керек. Жабысып тұрған кенені қысқышпен немесе мықты жіппен қармап, қозғай отырып ақырын алу керек. Шаққан жерге йод тұнбасымен немесе спиртпен өңдеп , қолыңызды мұқият жуу керек. Содай кейін тез арада аймақтық дәрігерге қаралып, дене қызуын 7 күн бақылауға алуы тиіс. Егер де 7 күн аралығында дене қызуы көтеріліп, денеде көгеру, мұрыннан қан кету, бас айналу, бел ауруы белгілері пайда болса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну керек.

Мансур- 5 апреля 2019 16:54
Саламатсыздарма, Cіздерге катты кызумен ангина, стоматитпен бөпем сіздердін ауруханаларынызға жедел жәрдем арқылы түсіп, бокс 2этаж 5палатаға жатып , жаксы ем алып тауір болып шықты, айтар алғысым барлық ұжымдарыңыз жақсы ем көрсетті, улкен рахмет! Халыққа қызмет жасап енбек еткендеріңізге рахмет, Ақ халатты абзал жандар аман болыңыздар ,еңбектеріңіз жемісті болсын! 

Динара- 9 апреля 2019 13:11
Саламатсыздар ма?! Бруцеллез  жайлы толық ақпарат білгім келеді

Айна Карбузауовна- 9 апреля 2019 13:28
Динара,
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рахмет! Бруцеллез кең таралған инфекция, зооноздар тобына жататын, адамдарға ауру малдан жұғатын, адам денесінің буын, жүйке, жыныс мүшелерінің зақымдануына әкеліп соғатын, аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Бруцеллез жануарлардан адамға әртүрлі жолдармен беріледі: бруцеллезбен аыратын малды күткенде жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамаса, ауру мал бөліністерімен залалданған құралдармен тікелей қатынасса ауру малдың жүнін қырқу, малды сою кезінде, сонымен бірге ауру сиыр, ешкі, қойдың қайнамаған сүтін немесе толық термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерді тағам ретінде пайдаланғанда ауру жұғуы мүмкін. Бруцеллездің инкубациялық кезеңі бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылады. Кейбір науқастарда ауру жеңіл түрде өтсе, кейбіреулерінде ауыр дәрежеде өтіп, ауру белгілері ұзақ уақытқа дейін сақталуы мүмкін.Дегенмен бруцеллез (сарып) адамға малдан жұққанмен, науқастанған адамнан сау адамға жұқпайды. Бруцеллез белгілері жиі тұмау және басқа да фебрильді аурулардың белгілеріне ұқсас, оның ішінде: қызба, тершеңдік, бұлшықет, буындардың ауыруы, әлсіздік, бас ауру, депрессия, қозғыштық, тәбеттің жоғалуы, салмақты жоғалту, жөтел, іштің ауруы, бауыр және (немесе) көкбауырдың үлкеюі. Бруцеллез басқа да белгілермен өтуі мүмкін.Жалпы бруцеллезді дер кезінде емдеп, антибиотик дәрілер дұрыс тағайындалған жағдайда науқастар үшін болжам оңтайлы.

Наталья- 9 апреля 2019 13:36
Добрый день! Хотелось бы узнать, чем отличается корь от ветрянки?

Айна Карбузауовна- 9 апреля 2019 14:28
Наталья,
Здравствуйте! Спасибо за вопрос! Ветрянка и корь имеют ряд общих характеристик. Болезни объединяет вирусная природа, наличие жара и сыпи в качестве симптомов, а также то, что каждая из них может поразить человека, как правило, лишь единожды. Каждым из этих заболеваний легко заразиться, в случае если контакт организма с возбудителем происходит впервые. Но важное отличие ветрянки от кори заключается в том, когда появляются высыпания. При ветрянке они обнаруживаются на коже уже на начальном этапе, одновременно с жаром. При кори же сыпь не входит в число первых симптомов. До ее возникновения от начала болезни проходит не меньше трех, а то и пяти дней. Рассматривая, в чем разница между ветрянкой и корью, следует подробней остановиться на характере сыпи и ее изменениях в процессе течения болезней. Так, при ветрянке обнаруживаются водянистые вздутия, которые затем подсыхают. Образования на коже при кори представлены папулами на фоне пятен. Фрагменты сыпи склонны сливаться. Пораженные участки, заживая, шелушатся. На местах, где была сыпь, до полутора недель держится пигментация.

Ақдаулетова ақмарал- 14 апреля 2019 16:13
Саламатсыз ба жұмыс уақыты нешеге дейін  бак анализ тапсыруға? 

Айна Карабузауовна- 16 апреля 2019 10:48
Ақдаулетова ақмарал,
Ақмарал саламатсыз ба?! Бак.анализ тапсыруға жұмыс уақыты 08:30-дан кешкі уақыт 17:00-ге дейін

Сымбат Муханова- 7 июня 2019 16:31
Кызылорда облыстык Инфекцонный больницага мамыр айынын 12 не жатып 20 на шыктым. Кабылдау болиминин кызметкерлерине мын алгыс айтам. Неге десениз барлык тажерибели мамандар оз мамандыктарын жаксы менгерген. Кызым температурасы котерилип мазасы кетип барганда барлык тексеруден откизип берди. Сол ушинде сиздерге тилейтиним жумыстарыныздын жемисин кориниздер.

Салтанат- 5 сентября 2019 20:59
Салеметсиз бе. Маган детский инфекционист керек еди. Консультация алуга и емделуге. Ватсап номерим 87074505780.Мен Кызылорда каласынан хабарласып турмын

Нұрлыбек Төлебай- 11 июля 2020 11:22
Саламатсызба Айна Карбузовна! Есімім Нұрлыбек, мамандығым фельдшер. Провизорлық орталықтар ашылып жатыр деп еді, Медициналық қызметкерлер жетіспей жатыр деп естідім жұмысқа қабылдау жөнінде білгім келеді.

Марал- 13 июля 2020 17:10
Саламатсыз ба медсестра жумыска аласыздарма.

Государственные закупки